Алматыдағы 27 блок бекеттерде карантин енгізілгеннен бастап, 3884 көлік қала сыртына шықса, 4383 транспорт шаһар аумағына кірген. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, бүгін 45 мың 956 жолаушы мен 10 мыңнан астам көлік қала аумағынан шықса, 17 мың 810 транспорт арқылы 47 мың 325 адам Алматыға келді. Қазіргі уақытта барлық бекеттерде жағдай тұрақты.
Сонымен қатар, Ерлан Қожағапанов соңғы тәулікте қоқыс көлемі де 100 пайызға артқандығын да хабарлады. Осы тұста шаһардағы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр деді. Одан өзге, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа өңірге кетіп жатқандарды, жергілікті әкімдік қатаң тексеруден өткізетіндігін мәлімдеді. Ал, Алматыдағы инфекция ошақтарын оқшаулау, яғни тұтас үйді қоршауға алу мәселесі Мемлекеттік коммисиямен келісіліп жасалып жатқандығын айтты.
«Техниканың барлығын ол жерге қою қажет пе, қажет емес пе деген мәселені қарап отырмыз. Мүмкін біз үйдің, кварталдың барлығын қорғамай, бір подъезді қорғайтын шығармыз. Мұның барлығы штаб қарастырылып жатыр. Қандай шаралар қолдану керектігін Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік комиссиямен ақылдасып жатырмыз», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ.
Қырғызстанда тағы үш адамнан коронавирус табылды
Коронавирус жұқтырған әйел ауру кезіндегі сезімдері туралы айтты