Әлемде КВИ жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты
ҚазАқпарат
Науқастар саны бойынша алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған халықтың саны 100 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жайында індеттің статистикасын жүргізіп отырған Worldometers ақпарат көзі ресми мәлімет таратты. Дәл қазір әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны - 100 млн 280 мың 265 адам. Осы күнге дейін 2 млн 149 мың 387 сырқат індеттен көз жұмған. Ал 72 млн 289 мың 211 адам COVID-19 дертінен сауығып кеткен. Ресурстың хабарлауынша, қазір 25 839 818 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 110 мың пациенттің жағдайы өте ауыр. Науқастар саны бойынша алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41