Елордада коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда короновирус жұқтырған 1004 адам бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жүкті әйелді коронавирустан емдеді. Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Ол 9 мамыр күні дені сау сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайда Almaty.tv елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ана мен баланың COVID-19 тест нәтижесі теріс болып шықты. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.

«Әйел адам босанғанға дейін екі күн бұрын COVID-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды.  №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы  гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті. Нәтижесінде, сәбидің дені сау, COVID-19 талдау нәтижесі теріс. Қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді», - делінген хабарламада. ды елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта елордада короновирусты 1004 адам жұқтырды. 367 науқас індеттен сауықты.

Новости партнеров