Коронавирус тағы екі елге жетті. Қауіпті дерт Швейцария мен Алжирде анықталған. Африкалық елдің денсаулық сақтау министрі 17-ші ақпанда Италия азаматынан тіркелгенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал, Швейцарияның бас дәрігері Италиямен шекаралас орналасқан Тичино аймағында осы дертке шалдыққан науқас барын жеткізді. Сонымен қатар, Германияда 18 адам, Испанияда аталған вирусты 5 адам жұқтырған. Италияның өзінде аурудан қайтыс болғандардың саны 10-ға жетіп, 322 науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда 11 адам коронавирустан көз жұмып, жұқтырғандардың саны 1 мың 200-ге жуықтады. Дерттің эпицентрі Ухань қаласында вирустан айыққандардың екі жүзі оны жаңадан жұқтырыпты. Қала билігі оларды қайтадан 14 күндік карантинге оқшаулап жатыр.