Маңғыстау облысында 1 және 6 жасар баладан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу қортындысы бойынша Маңғыстау ауданының Шайыр ауылының тұрғындары — 1973 жылғы азаматшадан және 2019 жығы баладан, Бейнеу ауданынан 2014 жылғы баладан, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының 1982 жылғы азаматшасынан жұқпалы індет табылды», - делінген Жедел штаб хабарламасында.
Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдермен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
Өңірде 109 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.