Алматыда соңғы екі күнде 16 985 адам коронавирус вакцинасын алды

04.04.2021 17:21

Алматыда вакцинациялау жүйелі түрде өтіп жатыр

Фото: coronavirus-monitor.ru

Алматы қаласында бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды», – деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. 

Осылайша, 2 және 3 сәуірде Алматыда 16 985 адамға вакцина егілді.


Айта кетейік, Б. Сағынтаев егу пункттерінің жұмысын тексергенін жазғанын болатынбыз.

Сонымен қатар, вакцина алу үшін пациенттерге медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақыртулар жіберіледі.



Толық көрсету