15 маусым таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 7,8 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университеті осындай мәліметтер келтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде 7 887 221 адамнан COVID-19 табылған. Инфекциядан 432 632 адам қайтыс болса, 3 769 179 адам аурудан жазылған.
Коронавирус жұқтыру жағдайы көп тіркелген он ел:
АҚШ – 2 093 335 адам вирус жұқтырған, 115 729 науқас қайтыс болған,
Бразилия – 867 624 адам вирус жұқтырған, 43 332 науқас қайтыс болған,
Ресей – 528 267 адам вирус жұқтырған, 6938 науқас қайтыс болған,
Үндістан – 320 922 адам вирус жұқтырған, 9195 науқас қайтыс болған,
Ұлыбритания – 297 342 адам вирус жұқтырған, 41 783 науқас қайтыс болған,
Испания – 243 928 адам вирус жұқтырған, 27 136 науқас қайтыс болған,
Италия – 236 989 адам вирус жұқтырған, 34 345 науқас қайтыс болған,
Перу – 229 736 адам вирус жұқтырған, 6688 науқас қайтыс болған,
Франция – 194 153 адам вирус жұқтырған, 29 410 науқас қайтыс болған,
Германия – 187 518 адам вирус жұқтырған, 8801 науқас қайтыс болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус бойынша басқаша статистика келтіреді. ДДҰ мәліметі бойынша, дүние жүзінде 1 690 708 адам коронавирус жұқтырған, 427 630 науқас көз жұмған. Бір тәулікте дүние жүзінде 142 672 адамнан COVID-19 анықталған.
Қазақстанда барлығы 14 496 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 9188 адам жазылса, 77 науқас қайтыс болған.