Италияда бир күнде коронавирус инфекциясынан 627 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл – бір күнде қаза болған адамдардың ең жоғарғы көрсеткіші.
19 наурыз күні бұл елде коронавирустан 427 адам көз жұмған болатын. Ал елде аталмыш індеттен қаза болғандардың жалпы саны 4032 адамға жетті. Италия коронавирустан көз жұмған адамдар саны жағынан қазіргі таңда Қытайдан асып кетті.
Италия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елде коронавирус жұқтырғандар саны 47 021 адамға жеткен.
Бүгінде коронавирус бойынша тәжірибесін бөлісу үшін бір топ қытайлық сарапшы Италияға келді.
«COVID-19 вирусын жұқтырғандардың көп бөлігі Милан қаласының тұрғындары. Бұл жақта адамдар сақтық шараларын көп сақтай бермейтіндіктен, індеттің кең таралуына жағдай жасап отырғаны байқалады», - дейді Қытайдың Қызыл Ай қоғамының президенті Сунь Шуопэн Миландағы жағдай туралы.