Коронавирус: Қазақстанға ұшып келген 245 адам карантинге жіберілді

baq.kz
baq.kz
Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен 852 жолаушы ұшып келген, ондағы 717 адамда анықтама бар, 135-де жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

COVID-19-ға қарсы ПТР тесттен өтпеген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

18 қазанға қараған түні елімізге 14 халықаралық рейспен 1969 жолаушы ұшып келген, олардың 1724-де ПРТ тесттен өткені туралы анқытама болса, 245-де болмаған.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен 852 жолаушы ұшып келген, ондағы 717 адамда анықтама бар, 135-де жоқ. Алматыға 7 рейспен 981 жолаушы келген, анықтамасы барлар – 885, анықтамасы жоқтар – 96. Шымкентке 1 рейспен 136 жолаушы келген, ондағы 14 адамда тесттен өткендігі туралы анықтама болмаған.

Бұдан Қазақастанға ұшып келген жолаушылардың 87 пайызы ПТР тестен өткенін көруге болады.

Новости партнеров