ФИФА Қазақстанға 1,5 млн доллар көмек бермек
sports.kz
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус індетінен туындаған дағдарыстан шығынға ұшыраған ұлттық федерацияларға қаржылай көмек көрсету шешімін қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус індетінен туындаған дағдарыстан шығынға ұшыраған ұлттық федерацияларға қаржылай көмек көрсету шешімін қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ФИФА атқарушы комитетінің бюросы 1,5 миллиард доллар көлемінде жиынтық төлемді мақұлдаған. Тағы 210 федерациясы сияқты, Қазақстан да 1 миллион доллар көлемінде ақшалай өтемақы және әйелдер футболы үшін тағы 500 мың доллар алады.
Сондай-ақ, бөлінген сома індет салдарын жоюға жетіспей қалған федерацияларға 5 миллион долларға дейін несие алу мүмкіндігі беріледі.
Айта кетсек, қазақстандық премьер-лига ойындары әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты әзірге тоқтатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06