Коронавирус қайта күшейді – Үкімет қандай шешім қабылдайды

stopfake.kz
stopfake.kz
Вице-премьер коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің екі қалада өсіп жатқанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов індеттің ушығуына байланысты қандай шешім қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Вице-премьер ведомствоаралық комиссияда барлық маңызды мәселе қаралатынын жеткізді. Атап айтқанда, вакцинация шаралары күшейтіледі.

"Әзірше, шектеу мәселесін көтеріп жатқан жоқпыз. Бірақ вакцинацияны күшейту бойынша нақты шешімдер қабылданады", - деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда вице-премьер коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің екі қалада өсіп жатқанын еске салды. Ол – Алматы мен Нұр-Сұлтан.

"Осы екі қалаға шетел азаматтары да, өз адамдарымыз көп келеді. Әуе байлынысы да көп", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Айта кетері, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдығу көрсеткішінің өскенін хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,6 есеге - 127-ден 457 жағдайға дейін артқан. Соның басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Екі қалада барлығы 391 науқас (85%) анықталды.

Новости партнеров