Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде 90 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 14 науқас хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазақстанда 29 қыркүйекте коронавирус инфекциясы және коронавирустық пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте коронавирустан үш адам, ал пневмониядан екі адам көз жұмды. 75 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 299 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты.
Жалпы, 13 наурыздан бері республикада 107 908 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 1 731 науқас қайтыс болды.
Ал бірінші тамыздан бері 32 799 адамға пневмония диагнозы қойылып, 353 адам көз жұмды.
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 303 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 56 бала бар. Стационарларда 1 881 науқас жатыр. 1 422 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде 90 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 14 науқас хәл үстінде жатыр. 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.