Ресейде коронавирус салдарынан енгізілген шектеу режимін ұзартуға қатысты ұсыныстар әділетті. «Роспотребнадзор» басшысы Анна Попова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Мен бұны әділетті ұсыныс деп санаймын, біз ғалымдармен сөйлестік, олар да осы пікірде», – деді Попова телеарнаға берген сұхбатында.
Ол ресейліктердің қазіргі кезде екі инкубациялық кезең, шамамен 28-30 күн «қарым-қатынасты үзу режимінде» жүргенін түсіндірді. Алайда індетке шалдыққан адамдар санының айтарлықтай азайып, бақыланып отырған нәтижені бекіту үшін тағы бір инкубациялық кезең қажет болып отыр. Попова Ресейде вирус жұқтыру оқиғаларының өсімі байқалмай отырғанын атап өтті.
«Төмендеу – бұл күн сайын тіркеліп отырған оқиғалар санының келесі күнге қарағанда азаюы. Әзірге жұқтырушылардың динамикалық бірқалыпты қисық сызығы қалыптасқан, оны төмендету үшін бізге тағы уақыт қажет болып тұр», – деп атап өтті ол.
Ғалымдар коронавирустың алты жаңа белгісін анықтады
Трамп АҚШ-та коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты