Алматыда коронавирусқа қарсы екпе салатын 40 кабинет ашылды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Алматыға Ресейде дайындалған «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы жеткізілген болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина егетін 40 кабинет ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мемлекеттік емханаларда 40 егу кабинеті дайындалды. Жекеменшік клиникалар вакцинаны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде салады.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаны егу кабинеттері Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жұмыс жасайтын жеке клиникаларда да дайындалады. Алматыға жеткізілген вакциналар саны - 2050 доза, оның 100 дозасы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ-на берілгендіктен, иммундаудың бірінші кезеңінде мемлекеттік емханалар вакциацияы өздері жүргізеді. Қазір 20-ға жуық емхана қатысуда», – деп атап өтті басқармадағылар. 

Еске салайық, бірінші кезеңінде вакцина инфекциялық аурулардың жедел медициналық көмек, жансақтау, қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері мен санитарлық эпидемиология қызметкерлеріне салынады. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге егіледі. Үшінші кезең 1 сәуірден басталады. Ол кезде мектеп, интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар науқастар қамтылады. 

Айта кетейік, Алматыға Ресейде дайындалған «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы жеткізілген болатын.

Новости партнеров