|
19.03.2020 | 15:12
3598

Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтар демалысқа жіберіледі және жәрдемақылары толық төленеді

Бүгінде қаладағы инфекцияны жұқтырғандар тұратын пәтерлер толығымен оқшауланды

Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтар демалысқа жіберіледі және жәрдемақылары толық төленеді Almaty.tv

Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтар демалысқа жіберіледі. Олардың жұмыс орны сақталып, жәрдемақылары толық төленеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты осындай шешім қабылданған. Жаңа карантиндік жағдайға сәйкес қала ішіндегі тұрғындардың жұмыстары «арнайы» режимге өтеді. Бүгінде қаладағы инфекцияны жұқтырғандар тұратын пәтерлер толығымен оқшауланды.

Сол аймаққа жақын орналасқан барлық аудандар залалсыздандырылды. Шектеу немесе тексеру шараларын өткізу барысында сақтық шараларына ерекше мән беріледі. Қаланың 27  блок-посттарында тазалық сақтау құрылғылары орнатылатын болатын. Қала билігі тұрғындарды төтенше жағдай режиміне түсінушілікпен қарап, тәртіпке бағынып, аса қажет болмаса сыртқа шықпай, сақтық шараларын орындауға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир