Нұр-Сұлтанда 6 қадағалау бекеті орнатылды

© Sputnik
© Sputnik
Коронавирус инфекциясының алдын-алу шаралары күшейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда коронавирус салдарынан қала шекаралары жабылып, 6 қадағалау бекеті орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының алдын-алу шаралары күшейтілді. Қалаға кіретін қақпалар жабылып, азаматтарға көлік қозғалысының тәртібі түсіндіріліп жатыр.

Нұр-Сұлтанда қала шекаралары жабылып, 6 қадағалау бекеті орнатылды. Олар: Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан –Петропавл автожолы учаскесі мен Нұр-Сұлтан – Нұра-Теміртау жолдары.

Әзірше ауыл тұрғындары елордаға арнайы бекет арқылы тіркеліп кіргізіліп жатыр. Ал 22 наурыздан бастап кіріп-шығуға толық шектеу қойылып, тек азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететіндер ғана кіре алады. Жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары қалаға ену үшін жұмыс орнынан анықтама алуы қажет. Бекеттерде бақылау аймақтары, палаткалар, тамақ қабылдау  және қызмет көрсету пункттері бар. Сондай-ақ,  қалада жедел штаб жұмыс атқарып, жергілікті билік азаматтарды себепсіз үйден шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.

Новости партнеров