Алматыда коронавирустан 66 бала емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 620 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 114 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 620 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 483-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 137-і симптомсыз ауырған. 

«Қазір 7 мың төсек-орынның 5 610 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 197 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 66-ы бала. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 84, жағдайы ауыр – 602 адам бар. 2511 науқастың жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады басқармадан. 

Пандемия басталғалы 29 316 ауруынан айығып ауруханадан шығарылды. Халық Арена» кешеніндегі мың төсек-орынға аралған стационарда 44 науқас жатыр. 5 сәуір күні 2 960 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды. Жалпы, 1 ақпаннан бастап 47 275 тұрғын «Спутник-V» вакцинасын алды. Оның 8 805 екі компоненті алды. 

Айта кетейік, 9 сәуір күні Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі.

Новости партнеров