Қазақстанда коронавирустық пневмониядан 1 науқас көз жұмды

03.10.2020 18:06

14 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда

открытые источники

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 256 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетерлігі, 1 тамыздан бері ауырғандар саны 33 378 адамға жетсе, 358 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандар саны 27 390-ге жетті.