Қазақстандағы коронавирус: Көкшетауда 8 мектеп карантинге жабылды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты мектептерде коронавирус жұқтырудың бір жағдайы тіркелсе, мекеме екі апталық карантинге көшіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көкшетау қаласында 8 мектеп короновируске байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты мектептерде коронавирус жұқтырудың бір жағдайы тіркелсе, мекеме екі апталық карантинге көшіріледі. 

«Қала мектептерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеудің шралары қолға алынуда. Осындай мақсатта бейсенбі-жұмада күндері қаладағы 8 мектеп карантинге жабылды. Бұл ОМ №2, 18, 3, 12, 8, №2 Краснояр орта мектебі, «Mega intellectual» жеке мектебі және «Білім-Инновация» лицейі», – деп атап өтті Қ.Ысқақов. 

Әзірге, Көкшетау мектептерінде коронавирус инфекциясының жаппай таралуы тіркелген жоқ. Мәселен, №2 Краснояр орта мектебінің техперсоналы ауырып қалды, сәйкесінше, оның байланыс шеңбері үлкен. 

«Білім-Инновация» лицейінде кіре берістегі температураны өлшеген вахтер жұқтырды. Яғни, мектепке кірген адамдардың барлығы онымен байланыста болғандар», – деді Қ.Ысқақов. 

Сол себепті, коронавирус инфекциясының әр жағдайы егжей-тегжейлі қарастырылады. 

«Бірден жоспардан тыс тексерісті қолға алып, барлығын тексеріп шығамыз. Үшінші және 12-ші күндері жақын байланыста болғандардан полемаразды тізбек реакциясы бойынша тест алынады», – деп түйіндеді Қ.Ысқақов.

Новости партнеров