Бейжіңдегі Дитан ауруханасының дәрігерлері коронавирус жұқтырған науқастан аурудың жаңа түрін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы өңірдегі ауруханаға 3 наурыз күні коронавирустық инфекциясы бар 150 адам жатқызылған екен. Науқастардың біріне қауіпті індеттің жаңа түрі энцефалит пневмония диагнозы қойылды. Бұған дейін вирусты жұқтырғандардың бауыр және ішкі органдары зақымдалғаны анықталса, бұл түрі адамның жүйке жүйесіне әсер еткен. Мұндай аурумен тіркелген науқас әлемде болған жоқ дейді дәрігерлер. Науқас 56 жастағы ер адам. Қазір ол жансақтау бөлімінде арнайы ем қабылдап жатыр. Жаңа мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 мың 552 адамға жетті. Оның 3 мың 42-сі қауіпті індеттің кесірінен көз жұмды. Айта кетейін, бүгінде коронавирус әлемнің Қытайдан бөлек 76 елінде тіркеліп үлгерді.