Қызылорда облысында індет жұқтырған 13 адам Атыраудан келген

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 245 адам тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«Вирусты жұқтырған адамдардың 12-сі ер адам және біреуі әйел кісі. Барлығы да Атырау қаласынан келген, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар. Атыраудан келуіне байланысты карантиндік стационарға орналастырылып, зертханалық сынамалар алынған», - делінген хабарламада.

ПТР анализдерінің қорытындысы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 245 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 188, ем қабылдап жатқандар саны — 57.

Новости партнеров