17 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
17 ақпанда Қазақстанға Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 1 780 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 365 адам, анықтамасыз - 415 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 872 жолаушы, анықтамамен - 850, анықтамасыз - 22;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 322; анықтамасыз - 238;
- Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 8 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 243 жолаушы, анықтамамен - 88; анықтамасыз - 155;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 53 жолаушы анықтамамен келген;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.
Анықтамасыз келген барлық 213 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.