|
13.03.2020 | 12:49
1552

«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Микель Артета вирус жұқтырған

Ал, бейресми мәлімет бойынша, Сирия президенті Башар Асад пен әйелі Асма Асад та вирус жұқтырған

«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Микель Артета вирус жұқтырған singlebet365.com

Коронавирус танымал тұлғалардан да анықталып жатыр. Лондондық «Арсенал» футбол клубының бас бапкері Микель Артета вирусты жұқтырған. Бұл туралы BBC арнасы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір Артетамен байланыста болған құраманың негізгі құрамы мен клуб мүшелері екі аптаға оқшауланған. Аталған клубтың жаттықтыру орталығы жабылды, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы матчтар кейінге шегерілген.

Сондай-ақ, қауіпті індет Канаданың премьер-министрінің жұбайы Трюдо Софиден анықталыпты. Ал, бейресми мәлімет бойынша, Сирия президенті Башар Асад пен әйелі Асма Асад та вирус жұқтырған. Олар карантинге жатқызылған көрінеді.

Еске сала кетейік, кеше Италиялық «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниэле Ругани мен Голливудтық актер Том Хэнкс жұбайы екеуі коронавирусты жұқтырғаны туралы ақпарат тараған еді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир