COVID-19: Тараз «сары аймаққа» енді

COVID-19: Тараз «сары аймаққа» енді
Карантин стационарында – 23 адам, үй карантинінде – 1341 адам жатыр, 240 мың жамбылдық ПТР-тестілеуден өткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараз қаласы «сары аймаққа» енді. Осыған қарай мәселе коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, өңірде жұқпалы аурулар ауруханасындағы 1000 кереуеттің жүктемесі 454 орынды құрап отыр. Карантин стационарында – 23 адам, үй карантинінде – 1341 адам жатыр, 240 мың жамбылдық ПТР-тестілеуден өткен. 

Соңғы аптаның қорытындысы бойынша вирус жұқтырғандардың ең көбі Тараз қаласында (85 жағдай, өсім 3,5%), Жамбыл ауданында (9 жағдай, өсім 3,4%) және Т.Рысқұлов (7 жағдай, өсім 3,9%) ауданында тіркелген. Сондай-ақ, КВИ себептері бойынша жедел жәрдемді шақыртулар саны отыз пайызға артқан. 

Басқа аудандарда қолайсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты 2000 төсектік резерв дайындалуда, қосымша 3150 медицина қызметкері керек болады. COVID-19 алдын алу және емдеу үшін облыс стационарларына 1,2 миллиард теңгеге дәрі-дәрмектер мен жабдықтар жеткізілді. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Нейли Муликованың айтуынша, азаматтардың Тараз медициналық ұйымдарына өз еркімен жүгінуі барысында анықталған науқастардың үлес салмағы артқан (53,5%). 

Ахуалды талқылау барысында Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров оқу сабақтарының басталуын ескере отырып, барлық мектептерді тексеруді ұсынды. 

«Тараз «Сары аймаққа» енді, сондықтан барлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту қажет. Облыс орталығында карантин орталығын құру қажет. Әсіресе, мектеп оқушылары мен зейнеткерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын арттыру керек. Қоғамдық көлікте бетперде тағуға және жолаушылардың әлеуметтік арақашықтықты сақтауына ерекше назар аудару маңызды. Дәрі-дәрмектер мен төсек-орындарының жеткілікті екендігін назарда ұстаңыздар. Медицина мамандары бар, бірақ кадрлық резервті де дайындай беру қажет. Науқастардың қандай жағдайда ем алып жатқандығын зерделеңіздер. Ақпан айында басталатын жаппай вакциналау науқанына дайындалу, биофармацевтикалық зауыттың құрылысын жеделдету керек», – деді Бердібек Сапарбаев.

Новости партнеров