ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар Египетте демалып келген

Фото: Annie Spratt on Unsplash
Фото: Annie Spratt on Unsplash
Семейлік ерлі-зайыптылардан қауіпті вирус табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы 2 адам, яғни ерлі-зайыптылар 21 наурыз күні Египетте демалып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жайлы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Семейде коронавирус дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды. Олар 2020 жылдың 21 наурызында елімізге Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Cұлтан рейсімен оралып, ары қарай өз көліктерімен Семейге жеткен», - деді облыс басшысы.

Олармен бірге отбасы мүшелері, яғни тағы 5 адам болған. 2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген COVID-19 сынамасы төрт адамда теріс нәтиже көрсеткен. Бір адамнан алынған талдау нәтижесі әлі анықталмаған.

«Сонымен қатар, олармен байланыста болған тағы бір адам анықталды. Оның да анализі тексеруге алынған. Қазіргі таңда төртеуі провизорлық стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында. Науқастардың жағдайы орташа деңгейде. Алғашқы шағымдары дене қызуы мен сирек жөтелге болған. Жедел медициналық көмек бригадасы шұғыл әрекет етіп, алгоритмге сәйкес арнайы капсулаларда оларды стационарға жеткізді. Қазіргі уақытта бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды әкім.


Новости партнеров