Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың бірі – аяғы ауыр әйел

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Облыс əкімі індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында короновирус жұқтырғандар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдай облыстың екі ауданында тіркелді. Біріншісі – 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша, ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай – Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу – Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі – 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды.

Еске салсақ, қазіргі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.



Новости партнеров