Ғалымдар коронавирустың темекі шегетіндерге қауіпті екенін ескертті

отрадненскийрайон.рф
отрадненскийрайон.рф
Электронды темекілер де коронавирус жұқтыру қаупін жоғары
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғалымдар коронавирус темекі шегетін адамдардың организміне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  MedicalXpress журналына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің сөзінше, темекі шегетін адамдар коронавирус жұқтырған жағдайда оның асқынып кетуі темекі шекпейтін адамдарға қарағанда 14 есе көп екен.

COVID-19 жұқтырған, темекі шегетін науқастарды жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан, олардың көбін құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Ғалымдардың сөзінше, коронавирус темекі шегетін адамдардың өкпесі онсыз да нашар болатындықтан қауіпті екенін айтады. Темекі шегу өкпенің шырышты қабығын қоюлатып жібереді екен.

Сондай-ақ, электронды темекілер де коронавирус жұқтыру қаупін жоғарылатады. Себебі ағзаның иммундық қызметі әлсірейді.

Новости партнеров