Медицина ғылымдарының докторы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева Өңірлік коммуникациялар қызметінде берген сұхбатында вакцинаның жоғары иммуногендік әлеуеті бар екенін, оның коронавирустық инфекцияға қарсы антиденелер шығаратынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Науқастан алынған антиденелер мен вакцинадан алынған антиденелердің айырмашылығы неде? Вакциналаудың антиденелері табиғи антиденелерден қанша есе күшті?
– Коронавирустық инфекциядан кейін иммунитет қалыптасады, бірақ ол ұзаққа созылмайды. Қайтадан ауырған жағдайлар бар. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 3 айдан кейін қайта ауруы мүмкін. Сондықтан мен инфекциядан кейін иммунитеттің қаншалықты ұзақ екенін айта алмаймын және оны ғалымдар да әлі нақты айта алмай отыр, бірақ ең аз кезең – 3 ай. Қазақстан аумағында қолданылатын Спутник V вакцинасы ағзаны 1 жылға дейін иммунитетпен қамтамасыз етеді. Қазір Ресейде жасалған басқа вакциналар белгілі және ғалымдардың айтуынша, бұл вакциналар 3 жылға дейін иммунитетті қамтамасыз етеді, бірақ менің ойымша, иммунитеттің қаншалықты ұзақ сақталатыны тек вакциналау жүргізгеннен кейін нақты белгілі болады.
– Қалада вакциналалу жоспарлы түрде жүргізілуде. Сонда қала тұрғындары бетпердесіз жүре ала ма? Карантиндік шаралардың маңыздылығын тағы да түсіндіріп беріңізші.
– Айта кету керек, халықты вакциналаудың тек 70%-ы тиімді деп саналады және коронавирустық инфекция ауруының тіркелуін тоқтатуға ықпал етеді, әлем вакциналаудың мұндай деңгейіне әлі жеткен жоқ. Қазақстан Республикасында өзіңіз білесіз, вакциналау тек 1 ақпаннан басталды және біз вакциналауды толық қамтамасыз етпедік. Сондықтан бетперде режимі, 1,5 метрлік қашықтық сияқты эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтау қажет. Айта кетерлігі, 2 вакцина екпесін алған тұлғалардың эпидемияға қарсы шараларды тағы 14 күн сақтауы тиіс екендігін атап өткім келеді.
– Бүгінгі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындарына ұсыныстар.
– Эпидемиологиялық жағдай үнемі өзгеруде. Бүгінгі таңда Алматы қаласы "қызыл аймақта", бұл халықтың қайтадан босаңсып, біз коронавирустық инфекцияны жеңе алдық деп ойлайтынын білдіреді. Мен инфекционист ретінде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар әлі де көп екенін, оның ішінде ауыр халде жатқандар бар екенін, дерттің асқынуы өліммен аяқталған жағдайлар да бар екенін мәлімдеймін. Біздің еліміздің азаматтарына жүгіне отырып, өтіне отырып сұрайтыным – бетперде тағыңыздар, қолдарыңызды мұқият жуыңызыздар, қашықтықты сақтаңыздар, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жергілікті дәрігерге хабарласыңыздар. Бүгінгі таңда бұл алдын-алу шаралары тиімді әдіс болып табылады және, әрине, вакцинацияның рөлі зор, біз оған үлкен үміт артамыз.
Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырған 342 науқас тіркелді. Пандемиямен күрес аясында қалада халықты вакциналау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінен 1750 адам вакциналанды. Екінші кезеңде екпені 3300 медицина қызметкері, 955 полиция қызметкері мен 523 мұғалім алды.