Қазақстанда коронавирусқа 670 мың адам тексерілді

eadaily.com
eadaily.com
Коронавирусқа байланысты 165 адам емханаға жатқызылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коронавирусқа 670 мың адам тексерілді. Ухань мен Пекин қаласынан келген 520-дан астам адамға лабораториялық зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды Almaty.tv. Ол туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, жалпы саны 165 адам емханаға жатқызылған. Қазір олардың тек 7-уі ғана стационарда. Қазақстандықтардан әлемді әбігерге салған дерт анықталмаған. Естеріңізге салайық, кеселден қорғану үшін ұлттық қордан 2 млрд теңге  қаржы бөлінген болатын.

«1 наурыздан бастап бізде елдер тізімі ұлғаяды. Енді Италия, Оңтүстік Корея, Иран мен Жапония азаматтарын жіті тексереміз. Олардың барлығын біз емханаларға жатқызбаймыз. Тек қандай да бір симптомдары мен жоғары қауіп бар деген күдікке ілінгендер карантинде болады. Ең бастысы, ол азаматтар 14 күн үйден шықпауға  тырысуы керек. Қытай секілді барынша сақтық шараларын қолданғанымыз абзал», – дейді  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адам коронавирус жұқтырған

Новости партнеров