Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті

informburo.kz
informburo.kz
Соңғы тоғыз жағдай Елордада анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Соңғы тоғыз жағдай Елордада анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы күні Нұр-Сұлтанда 55, Алматыда 34 адам жұқтырған болса, Қарағанды мен Шымкентте екі адамнан. Ал, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында бір жағдайдан тіркелді. Еске салайық, кеше еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев екі емделушінің жазылғанын хабарлаған еді. Қазір олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

COVID - 19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

РАСТАЛҒАН 97  ЖАҒДАЙ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА – 55

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА – 34

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА – 2

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА – 2

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА – 1

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА – 1

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА – 1

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА – 1

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ – 1406, 8 7172 768 043

Новости партнеров