|
26.03.2020 | 14:03
3678

Әлем халқының төрттен бірі карантинде

Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болып, 114 мыңы дертінен айыққан

Әлем халқының төрттен бірі карантинде bbc.com/PIERO CRUCIATTI/AFP

Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға келетін болсақ, вирусты жұқтырғандар саны 475 мың адамнан асты. Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болып, 114 мыңы дертінен айыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вирусты жұқтырғандар саны 81 мың 285 адамға жеткен Қытайда 3 мың 287 науқас көз жұмған. Италияда 74 мың 386 адам қауіпті індетті жұқтырып, 7 мың 503-і көз жұмса, Испанияда 3434 адам бақилық болды. АҚШ-та коронавирус 1 мыңнан астам адамның өмірін қиып, 70 мыңға жуық жұқтыру дерегі анықталған. 

Коронавирустық пандемиямен күрес аясында Еуропа елдерінде бұрын-соңды болмаған қатаң шаралар енгізілуде. Италияда азаматтардың үйден шығуы үшін арнайы рұқсат қағазы қажет. Ал, егер тұрғын карантин режимін бұзатын болса, айыппұл 300-ден 4000 еуроға дейін барады. Егер коронавируспен ауыратын адам көшеде ұсталса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлыбритания да қатаң карантинге жабылмақ. 

Ал, Германияда екі адамнан көп болып жиналуға тыйым салынды. Таиландта елге кіріп-шығу толық тоқтатылып, әуежай, теңіз және шекарадағы бекеттер бекітілмек. Ал, бүгін Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі қарт адам көз жұмды. Ресейде  COVID-19-ды жұқтырғандар саны 658 адам-ға жетіп, 29-ы жазылған. 

Ал, Өзбекстанда науқастар саны 60-қа жетті. Қазіргі уақытта коронавирус 170-тен аса елде анықталып, жалпы әлем халқының төрттен бірі карантинге алынған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир