Алматыда екі адам індеттен айығып, ауруханадан шығарылды

inform.kz
inform.kz
Қазақстанда коронавирустан 44 адам жазылып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коронавирустан 44 адам жазылып шықты. Бүгін Алматыда екі адам індеттен айығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәл қазіргі мәлімет бойынша, республика аумағында қауіпті ауруды жұқтырғандар саны 584-ке жетті. Осылайша, елордада індет 219 адамнан анықталса, Алматы қаласында 116-ға жетті.  Шымкент қаласында 14 жағдай тіркелген. Өңірлерде де дерт дендеп тұр. Қызылорда облысында 37, Қарағанды облысында 32, Ақмола облысында 23 болса, Атырау облысында 29-ға жетті. Түркістан облысында 28,  Алматы облысында 10, Солтүстік Қазақстанда 25-ті көрсетіп тұр. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 28, ал Ақтөбе облысында 11 дерек тіркелген. Шығыста 5, Батыс Қазақстанда 2 адам қауіпті індетті жұқтырған. Ал Маңғыстауда 3, Павлодар мен Қостанайда бір-бір адамнан анықталды. Аты жаман аурудан 6 отандасымыз бақилық болды.

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР

Расталған жағдай: 584

Нұр-Сұлтан қаласы - 219

Алматы қаласы - 116

Шымкент қаласы - 14

Ақмола облысы - 23

Ақтөбе облысы - 11

Алматы облысы - 10

Атырау облысы - 29

Шығыс Қазақстан облысы - 5

Жамбыл облысы - 28

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 32

Қостанай облысы - 1

Қызылорда облысы - 37

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 25

Түркістан облысы - 28

Жазылып шыққандар: 44

Нұр-Сұлтан қаласы - 23

Алматы қаласы - 21

Қайтыс болғандар: 6

Нұр-Сұлтан қаласы - 1

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 2

Қарағанды облысы - 1

Түркістан облысы - 1

Новости партнеров