Алматыда қоғамдық орындарға кезекті рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Telegram: @almaty_akimat
Telegram: @almaty_akimat
Қаладағы көшелер мен тротуарлар, жалпыға ортақ орындар залалсыздандырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында 30 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарға дезинфекциясы жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кіреберістер мен аулалар бойынша:

29 мамырға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 454 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 77,7 мың литр дайын ерітінді қолданылды.

30 мамырдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 411 адамы бар 59 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:

29 мамыр күні 4 602 мың шаршы метр көше, оның ішінде 505 сауда нысандарының, 32 медицина мекемелерінің, 3 қызмет көрсету нысандарының  (Алатау ауданы– 57, Алмалы ауданы – 86, Әуезов ауданы – 70, Бостандық ауданы – 25, Жетісу ауданы – 36, Медеу ауданы – 83, Наурызбай ауданы – 18, Турксіб ауданы - 165) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 838 мың шаршы метр тротуарлар және 1335 басқа да нысандар, 178 контейнерлік алаң мен 878 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:

– 146 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 72 бірлік);

– 1214 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор) тартылды.

540 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 23 869 мың литр ерітінді қолданылды).

Сонымен қатар, 1388  контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1160 тоннаны құрады.

30 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:

– 139 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға);

– 1208 жол жұмысшысы (оның ішінде 138 дезинфектор) тартылды.

Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Новости партнеров