2021 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей, Беларусь пен Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 1547 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен - 856, анықтамасыз - 273;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 72.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 22 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 340 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.