|
23.05.2020 | 13:13
3219

Алматыда дезинфекция жұмыстарының 17-кезеңі аяқталды

Қаладағы жалпыға ортақ қоғамдық орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Алматыда дезинфекция жұмыстарының  17-кезеңі аяқталды пресс-служба городского акимата

Алматыда 2020 жылдың 23 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Кіреберістер мен аулалар бойынша:

22 мамырға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 448 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 74 500   литр дайын ерітінді қолданылған.

23 мамырда 17-кезеңі аяқталды. Жоспар бойынша осы этаптың үшінші күнінде 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 436 адамы бар 62 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:

22 мамыр күні 4 602 мың шаршы метр көше, оның ішінде 513 сауда нысандарының, 25 медициналық мекемелерінің, 3 қызмет көрсету нысандарының  (Алатау ауданы– 57, Алмалы ауданы – 86, Әуезов ауданы – 70, Бостандық ауданы – 27, Жетісу ауданы – 36, Медеу ауданы – 83, Наурызбай ауданы – 18, Турксіб ауданы - 164) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 838 мың шаршы метр тротуарлар және 1330 басқа да нысандар, 226 контейнерлік алаң мен 1102 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медициналық мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:

– 149 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 73 бірлік);

– 1207 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор) тартылды.

540 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 20 704 мың литр ерітінді қолданылған). 

Сонымен 826 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1230 тоннаны құрады.

23 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:

– 144 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға);

– 1201 жол жұмысшысы (оның ішінде 135 дезинфектор) тартылды.

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир