15 ақпанда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
15 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді. 2 094 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 711 адам, анықтамасыз - 383 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 889 жолаушы, анықтамамен - 776; анықтамасыз - 123;
- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 916 жолаушы, анықтамамен - 742, анықтамасыз - 174;
- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 144 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 2;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 51, анықтамасыз – 84.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.
14 ақпанда анықтамасыз келген 557 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.