Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Юрий Ходзицкий
Юрий Ходзицкий
«Омикрон» штамы Еуропа елдерінде де тез тарап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда індет басталғалы вирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Олардың басым бөлігі – симптомсыз ауырған науқастар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлем бойынша да коронавирустың таралуы белең алуда. «Омикрон» Еуропа елдерінде де тез тарап жатыр. Мысалға, Германияда 300 мың адам ауруға шалдыққан. Ал жаңа «стелс-омикрон» штамы үлкен қауіп төндіруі мүмкін деген болжаммен Беларусь сынды елдер пандемияның жаңа толқынына дайындалып жатыр.   

«Омикронның» бұл мутациясы клиникалық жағынан ерекшеленеді. Ауырған адамда иіс жоғалту болмайды және жоғары тыныс жолдары жеңіл зақымданады. «Стелс-омикронда» да ауру жеңіл түрде өтеді, бірақ тез жұғады», - деді РҒПО Эпидемиология және микробиология зертханасының меңгерушісі Елена Гасич. 

Коронавирус Үндістанда туберкулезбен күресуге кедергі келтіріп жатыр. Ковид салдарынан елде бұл ауру түріне төтеп беру қиындай түскен. Жергілікті биліктің айтуынша, құрт ауруына шалдыққан тұрғындардың үштен екісі емделуді тоқтатқан.  

«COVID-19 бен туберкулездің белгілері бірдей. Адамдар туберкулезге тест тапсырғысы келмейтінін түсіндік, өйткені олардан COVID сынағын өткізуді талап етеді деп қорқады. Ал егер тест нәтижесі оң болса, карантинде жатуы қажет. Адамдардың өздері келмейтіні де осыдан», - деді Мумбайдағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі уәкіл Пранита Типре.

Новости партнеров