Пневмония: Өткен тәулікте тағы 1 адам көз жұмды

08.11.2020 18:18

2020 жылғы 8 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден


Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 176 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 59 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39058, 409 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29138 жетті.