Індеттің үшінші толқыны: Алматыда эпидахуал қауырт күйінде қалып отыр

Фото: Milan Jaros/Bloomberg/Getty Images
Фото: Milan Jaros/Bloomberg/Getty Images
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның өршуінің себебі – Сovid-19 мутацияланған штаммдары
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Эпидемия басталғаннан бері сәуір айының 9-нан коронавирустық инфекцияның 39655 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1948,9), 2021 жылдың басынан бастап 21134 жағдай (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1038,7), наурыз айында – 9525 жағдай, сәуірдің 8 күнінде – 5057 жағдай, соңғы тәулікте 717 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8 құрады. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 231,3 (215,2-ге қарсы)  ал алдыңғы 7 күндегі аурушаңдық көрсеткіші репродуктивті сан R-1,132.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында індеттің үшінші толқыны жалғасуда.

(Анықтама: індеттің алғашқы толқыны кезінде ауру шыңы 2020 жылдың шілде айында болды -6372 жағдай, 2020 жылдың қазан айынан басталған екінші толқын шыңы осы жылдың қаңтар айында тіркелді - 3607 жағдай, үшінші толқын коронавирустық инфекцияның мутацияланған штаммдарына байланысты наурыз айынан басталды (Оңтүстік Африка және британдық)-ағымдағы күні 1 наурыздан бастап 14582 жағдай).

1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының өсуі жалғасуда, қазіргі таңда аптасына 64 жағдайға дейін жетті: наурыздың 1-ші аптасы-12 жағдай (КВИ-дың әдеттегі ағымы), 2-ші аптада – 27 жағдай (мутацияланған штаммдарды тіркеудің басталуы), 3-ші аптада – 41 жағдай, 4-ші аптада – 54 жағдай, сәуірдің 1-ші аптасында - 64 жағдай, яғни 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жағдайларының апталық тіркелуі мутацияланған КВИ штаммдарының таралуына қарағанда 5,3 есе; 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 107 жағдайдан 372 жағдайға дейін, яғни 3,5 есеге өсті.

Соңғы 14 күнде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында КВИ ауруының 1,1%-ға (4,5-тен 3,4%-ға дейін), 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 3,5%-ға (39,1-ден 35,6%-ға дейін) төмендегені байқалады. Керісінше, 40-59 жастағы және 60 жастан асқан азаматтар арасында сырқаттану тиісінше 1,4%-ға (26,7-ден 28,1% - ға дейін) және 4%-ға (19,2-ден 23,0%-ға дейін) өсті. Бұл жағдай мутацияланған вирустың нәрестелерге, балаларға және үлкен жастағы адамдарға – 60 жасқа және одан да көпке бағытталғандығын көрсетеді.

Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның өршуінің себебі – Сovid-19 мутацияланған штаммдары.

Новости партнеров