|
17.03.2020 | 14:47
8271

Еліміздегі барлық «Мега» ойын-сауық орталықтары уақытша жабылады

«Рамстор» супермаркеті күн сайын сағат таңғы 9:00 ден 23:00 дейін жұмыс істей береді

 Еліміздегі барлық  «Мега» ойын-сауық орталықтары уақытша жабылады Фото: instagram.com/mega_center

Қазақстандағы «Мега» ойын-сауық орталықтары жабылады. Бұл туралы кәсіпкер Нұрлан Самғұлов мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.

Оның айтуынша, бұл жағдайда жалға алушылардың мүдделері мүмкіндігінше ескеріледі және сауда орталығы жабылған кезде ешқандай ақы алынбайды. Тек, жалға алушылар пайдаланған шығындарды ғана өтейді. Ал, «Рамстор» супермаркеті күн сайын сағат таңғы 9:00 ден 23:00 дейін, ал ондағы дәріханалар таңғы 10:00 ден 22:00 дейін жұмыс істей береді.

«Вирустың келушілерімізге, жалға алушы қызметкерлерімізге таралып кетпеуіне үшін біз осындай шара қолдануға мәжбүр болдық. Барлық банкоматтар, банктер сауда-ойын орталығындағы супермаркеттер және дәріханалар жұмыс істейді» - «MEGA ALMA-ATA» соо директоры Қуат ӘКІМБАЕВ.

Орталық өкілдерінің сөзінше, қазір кешендегі дезинфекциялық шаралар күшейген және тазалық жұмыстары әрі қарай да жалғаса бермек. Азық-түлік алуға келген адамдарға кіре берісте маскалар беріліп, тепловизор арқылы тексерістен өткізіледі.  

БЛИЦ:

- Мен жабылғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, бұл жерге көптеген халық жан-жақтан келіп жатады.

- Әрине, мұндай адамның көп шоғырланған жерлерінің барлығын жабу керек. Қайдан келгенін кім білсін, адам деген көп жүретін жерлердің бәрін жабу керек.

- Көп адам бар жерде вирус одан да көбейеді деп ойлаймын. Жапқандары дұрыс деп ойлаймын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир