Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті

Открытые источники
Открытые источники
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі онлайн брифингте мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда короновирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Екі жағдай да Алматы қаласында тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.    

Науқастың біреуі 1959 жылы туған әйел адам. Оның жолдасынан бұған дейін короновирус табылған. Ол Мәскеуден елімізге ұшып келген болатын. Ал, екінші науқас 1995 жылғы ер адам Алматыға Сеулден транзитпен жеткен. Сонымен, бүгінгі күнге дейін елімізде барлығы 8 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Дерт анықталғандармен бірге ұшақта болғандардың кейбірі елден кетіп қалған, ал қалғаны карантинге жатқызылған.

«Жалпы, ұшақпен келген 130 жолаушының толық кеткен азаматтар бар. Траносформен. Қалған жолаушылар түгел 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және карантиндік стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Сол пациенттердің арасында карантинда диагностикалық нәтижесінде біз бір науқасты анықтадық. Сонымен жалпы, қазіргі күнде Қазақстан Республикасында 8 науқас тіркелінді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Сонымен қатар науқастармен бірге жақын қарым-қатынас орнатқандардың барлығы тексеріліп стационарлық карантинге жатқызылған. Коронавирустің тіркелуіне байланысты бұқаралық шаралар елімізде тоқтатылды. Эпидемиялық-санитарлық шаралар қабылданды. Әсіресе халық көп жиналатын орындарда алдын алу жұмыстары күшейтілген. Сондай-ақ Қытайдан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Министр қазақстандықтарды ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырды. Және жеке гигинены қатаң сақтану аурудың алдын алатынын айтты.

«Жалпы ел бойынша карантинде 1400-ден астам адам стационарлық карантинде, ал 545 үй карантинінде, тағы да басқа мемлекеттерден келіп жатқан азаматтар біздің 3 категория бойынша бақылауда. Немесе медициналық бақылауда, немесе жалпы учетте тұрады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шаралар, мемлекет дейңгейінде ведомствоаралық комиссияның шешуімен қабылдануда», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Ал, екіншісі Сеулден келген 1995 жылғы азамат. Ол да оқшауландырылды.

Новости партнеров