COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақтөбе облысында 18 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Вирусты жұқтырғандардың 13-і коронавирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар, 1-еуі потенциалды қарым-қатынаста болған адам, 1-еуі скрининг өту кезінде анықталған, 3 адам дене температурасы көтеріліп, ЖРВИ симптомдары пайда болуына байланысты өзі дәрігерге қаралған", - делінген хабарламада.
Барлық пациенттер жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.
Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен жалпы 270 адам тіркелген.