|
13.08.2020 | 13:33
1003

Жамбыл облысының 79 жастағы тұрғыны қауіпті індетті жеңіп шықты

Аманжол ата медицина қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі

Жамбыл облысының 79 жастағы тұрғыны қауіпті індетті жеңіп  шықты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Жуалы ауданы Қайрат ауылының 79 жастағы тұрғыны коронавирус белгілері бойынша жедел жәрдеммен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қабылдау барысында науқастың жағдайы өте ауыр болған. Дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу қиындап, саусақтары мен еріндері көгеріп, оттегі сатурациясы — 89 пайызды құраған.

Медициналық тексеру кезінде Аманжол Дүрәліұлында ауыр дәрежелі COVID-19, екі жақты вирустық пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігінің үшінші сатысы анықталған.

Ақсақалдың қосымша созылмалы аурулар бар. Атап айтсақ, жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, жүрек жеткіліксіздігі және үшінші сатыдағы гипертензия. 2019 жылы ол жедел миокард инфарктісін бастан өткерген. Тәуекел тобы өте жоғары.

Қария екі күн жансақтау бөлімінде болып, ӨЖЖ аппаратына қосылған. Дәрігерлердің нақты және үйлесімді әрекетінің арқасында ол вирусты жеңіп, толық айығып, ауруханадан шығарылды.

Аманжол ата медицина қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Алла сіздердің игі істеріңіз бен адал еңбектеріңізді еселеп қайтарсын. Отбасыларыңыз аман, еліміз тыныш болсын», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир