Ресейде «омикрон» штамының үш түрін анықтау әдісі шығарылды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Зерттеу нақты уақыттағы ПТР әдісі арқылы жүзеге асырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Роспотребнадзор Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «омикрон» штамының үш кіші түрін, соның ішінде ВА.2-ні анықтаудың жаңа әдістемесін шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Роспотребнадзордың Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтында SARS-CoV-2 коронавирусының «омикрон» штамының үш түрін анықтауға бағытталған жаңа зертханалық әдістеме әзірленді. Бұл әдістеме институт ғалымдары құрған эпидемиологиялық жағдайға мониторинг құралдарының арсеналын айтарлықтай кеңейтеді», - делінген хабарламада. 

Зерттеу нақты уақыттағы ПТР әдісі арқылы жүзеге асырылады. Ведомствоның мәліметінше, әзірлеме жедел вирусологиялық мониторинг жүргізуге және эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді. 

Роспотребнадзордың Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының секвенирлеу технологияларына негізделген жаңа диагностикалық әдістерді әзірлеу жөніндегі ғылыми топтың жетекшісі Камиль Хафизов штамдар сублинияларының пайда болуы вирустық эволюция тұрғысынан күтпеген жағдай емес деп түсіндірді. Дания ғалымдарының зерттеуінше, омикрон штамының BA.2 кіші түрі әлдеқайда жұқпалы және коронавирусқа қарсы екпе салған адамдарға жақсы жұғады. Хафизовтың айтуынша, ол Ресейде 44 аймақта анықталған, оның үлесі жұқтырудың жалпы санының 3% құрайды.


Новости партнеров