Мексикалық ғалымдар ерекше маска ойлап тапты – видео

Avtipus Patents and Inventions
Avtipus Patents and Inventions
Мұндай масканы үнемі киюдің қажеті жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексика Ұлттық политехникалық институтының ғалымдары мұрынға арналған маска ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әрине, мұндай масканы үнемі киюдің қажеті жоқ. Дегенмен бұл маска мекемеде немесе тіс дәрігерінің қабылдауында қолданған өте қолайлы дейді зерттеушілер.

Бұл әдеттегі медициналық маска сияқты қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, бірақ инфекцияның таралу қаупін азайтады. Бұл жоқтан гөрі жақсы.

Ғалымдар өнімді патенттеп, жаппай өндіріске компания іздеп жатыр.

Израильдік ғалымдар былтыр көктемде маскамен тамақ жеуге болатынын көрсеткен, бірақ оның механизмі өте күрделі және оны қолданудың ешқандай мәні жоқ. Маска тез ластанады және екі қолыңызбен дұрыс тамақтана алмайсыз.

Новости партнеров