Өңірлер бойынша індет жұқтырғандар Қызылорда облысында көп. Қазір аймақта бірнеше аудан карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 2, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта Қызылорда, Жаңақорған ауданы карантинге жабылды», – деді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА.
Гүлшара Әбіхалықова сыр өңірінде індеттің алдын алу үшін қолға алынған шараларды да тілге тиек етті. Мәселен, адамдар мен барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелген. Науқастардың барлығы инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Ал вирус тасымалдаушылармен байланыста болғандар анықталып, бақылауға алынып жатыр.