|
02.04.2020 | 13:50
9227

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған

2 сәуірде Қарағанды облысында індетке шалдыққан тағы алты адам тіркелді

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған Фото Ukranews

2 сәуірде Қарағанды облысында тағы алты адамнан коронавирус табылды, оның үшеуі бұған дейін вирустан көз жұмған ер адамның жақындары. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

2 сәуірде Қарағанды облысында індетке шалдыққан тағы алты адам тіркелді.

"Оның үшеуі – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері. Олардың барлығы инфекциялық боксқа жатқызылды", -делінген хабарламада.  

62 жастағы ер адам 1 сәуірде Қарағанды қаласында көз жұмған еді. Ол Теміртауда нотариус болып істеген. Ауруханаға бір ай бойы жүгінбеген.

"Қайтыс болған пациентпен 204 адам байланыста болған. Оның ішінде 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды, 150-і – үй карантинінде", - деп мәлімдеді коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб сайты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир