Биыл жаңажылдық корпоративтерге рұқсат етіле ме – министр жауабы

womo.ua
womo.ua
Цой елде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын, алайда босаңсуға әлі ерте екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылда сауық-кеш өткізуге рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешімді әр өңірдің бас санитар дәрігері қабылдайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатыны туралы талап енгізіледі. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», – дейді А. Цой. 

Сондай-ақ министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді. 

«Егер олар, мәселен, аурушаңдықтың жоғары немесе халық көші-қонын байқаса, санитарлық талаптарды күшейту туралы шаралар қабылдайды. Бірақ тек өз өңірінде ғана шешім қабылдайды», – дейді Денсаулық сақтау министрі.

Ол қазір Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын, вирустың таралуы төмендегенін атап өтті.

Новости партнеров