31 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
2 577 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 933 адам, анықтамасыз 644 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 461 жолаушы, анықтамамен - 1 174, анықтамасыз - 287;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 116 жолаушы, анықтамамен - 759; анықтамасыз - 357.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
2021 жылдың 30 қаңтарында анықтамасыз келген 447 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Анталия – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.