|
28.03.2020 | 14:14
5235

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты

Сырқаттар саны бойынша кешеден бері АҚШ көш бастап тұр

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты euronews.com/стоп-кадр

Дәл қазіргі жағдаймен әлем бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 600 247 адамға жетті.

Бұл туралы 2020 жылғы 30 қаңтардан бері індет барысын тіркеуді тікелей эфирде жүргізіп келе жатқан Roylab Stats youtube арнасы мәлімдеді.

Арна ақпаратына қарағанда қазіргі таңда індет әлемнің 202 елінде тіркелген. Сырқат саны бойынша кешеден бері АҚШ көш бастап тұр. Бұған дейін коронавирустың таралу ошағы болып келген Қытай қазір үшінші орынға жылжыды. Екінші орында Италия мемлекеті. Кәрі құрлықтағы бұл елдің індеттен көз жұмғандар саны қазіргі кезде антирекордтық деңгейге өтті.

Қазіргі сәтте АҚШ-та індет жұқтырғандар саны – 104849 болса, қайтыс болғандар саны – 1753, ал жазылып шыққандар – 2387-ге жетті.

Екінші орында тұрған Италияда сырқаттар саны – 86489 болса, қаза болғандар саны – 9134, індетті жеңіп шыққандар – 10950 адам.

Үшінші орында Қытай Халық Республикасы тұр. Бұл елде індетті жұқтырғандар саны – 81395, ал қаза болғандар саны – 3295 болса, жазылғандар саны – 74973 адам, яғни сырқаттардың 90 пайызға жуығы жазылды деуге болады.

Дәл қазіргі сәтте еліміз бойынша 204 науқас тіркелді. 14 адам жазылып шығып, бір адам қайтыс болды.

Дереккөз: Baq.kz


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир